Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Сені қаттырақ сабау керек еді”: боксшының әйелі күйеуінен таяқ жеген суретін жариялады

“Сені қаттырақ сабау керек еді”: боксшының әйелі күйеуінен таяқ жеген суретін жариялады
Сурет: ашық дереккөздерден
Әйел тұрмыстық зорлық-зомьылық көргенін айтты

WBA Super және IBO тұжырымдары бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-жұбайы Екатерина күйеуінен зорлық-зомбылық көргенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол әлеуметтік желіде беті сырылған кадрларды жариялады. Айтуынша, Дмитрий Бивол балалардың көзінше оған күш көрсеткен.

"Ол маған “Сені қаттырақ сабау керек еді” деп айтты. Жақсы боксшының міндетті түрде жақсы адам, күйеу немесе әке бола бермейді. Балаларым бәрін көрді, сол сәтте олардың әкесіне деген сенімі сөнді. Соңғы екі айда ол балалармен қарым-қатынас жасаудан бас тартты, сол арқылы өз бейнесін толық жоғалтты. Өкінішке қарай, алимент үшін күресудің өзі көптеген адамға ақылға қонымсыз көрінетін әлемде тұрамыз. Әйел өзі үшін ғана емес, қағидасы үшін де күресуіне тура келеді", - деді Екатерина.

2023 жылдың маусым айында ресми түрде ажырасқан бастап Екатерина жұрт алдында алимент көлемін арттыруға тырысып келеді. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар