«АӘК»-тен үмітті мыңдаған отбасының табысы мен шығысы есептеледі
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 қазан, 2024
- 681
Енді атаулы әлеуметтік көмектен үмітті мыңдаған отбасының табысы мен шығысы есептеледі. Яғни, жоспар бойынша отбасының жылжымалы не жылжымайтын мүлікті, жиһаз, тұрмыстық техниканы сатып алуға, оқу ақысы мен қосымша білім алуға, демалыс пен ойын-сауыққа, сауықтыруға, кредиттерді өтеуге жұмсаған ақшасы тексеріледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген адамдарға кірістері мен шығыстарын тексеруге келісім алу үшін SMS-хабарлама жіберіледі. Бірақ бұл банктік құпияны ашуға сеп болмайды. Тексерулер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен автоматты түрде іске асырылғалы отыр. Әрі жәрдемақы тағайындау тетігіндегі жаңа өзгерістер шын мұқтаж жандарды анықтап, нысаналы қолдау көрсетуге мүмкіндік бермек.
Айта кетейік, 1 тамыздағы жағдай бойынша 70 мыңнан астам отбасындағы 372 мыңға жуық азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген. Ол үшін бюджеттен 60 миллиард 500 миллион теңге бөлініп отыр.