Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Журналист марқұм Шерзаттың үйіне мобилографымен барып, тек түсірілім жасап қайтқан депутатқа ашуланды (ВИДЕО)

Журналист марқұм Шерзаттың үйіне мобилографымен барып, тек түсірілім жасап қайтқан депутатқа ашуланды (ВИДЕО)
Сурет: Видеодан скриншот
Гүлбану Әниятқызы депутатты қаралы үйге емес, тойға барғандай деп сынады.

Белгілі спортшы, Парламент Мәжілісінің депутаты Ардақ Назаров Талғардағы 16 жастағы Шерзат Болат өлтірілген жерге барып сынға қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай бөлісті. Сондай-ақ, Гүлбану Әниятқызы да өзінің желідегі парақшасында жариялап, Ардақ Назаровқа депутаттық мандатын тапсыруға кеңес берді.

«Осы кластасыма жоламай-ақ қояйыншы, соңына түскендей болмайын дегенмін. Не істеп жүргенінен де хабарсызбын, барлық жерден мені блоктап тастаған. Мына видеоларды оқырманым жіберді. Шыдамадым, мынаны көріп», - деп жазды журналист.

Гүлбану Әниятқызы депутатты қаралы үйге емес, тойға барғандай деп сынады.

«Ардақ Назаров - Алматы облысынан “сайланған”депутат. Талғар өзінің окургі. Не үшін барды? Не бітірді? Халық қан жылап тұр. Ал мұның жүрісін, жауабын қараңыз. “Көріп алайын” дейді. Нені көрмекші?
Қасына мобилограф ертіп алған, тойға барғандай. Жүрген-тұрғанын видеоға түсіріп, әдемі пост жазып қойыпты. Бардым, халықтың қасынан табылдым деген отчет үшін бе?

Сәл ғана намысы болса, депутаттық мандатын тапсыра салу керек қой», - деді ол.  

 

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар