Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мемқызметкерлеріне қайтадан смартфон ұстауға рұқсат берілуі мүмкін

Мемқызметкерлеріне қайтадан смартфон ұстауға рұқсат берілуі мүмкін
ашық дереккөз
Бір жыл бұрын қабылданған заң қызметкерлердің ісіне тежеуіш болған сыңайлы
Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. "Аталған мәселенің талқыланып жатқанына біраз уақыт болды. Оған қатысты сан алуан ұсыныстар бар. Білуімізше, қыркүйек айында мемлекеттік қызметшілерге смартфон ұстауға рұқсат береді деген мәлімет бар. Бірақ ол нақты мәлімет пе? Ол жағын айта алмаймын. Қазіргі кезде ол мәселе қаралып жатыр. Сол жағы анық", - деді Жақыпова Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. Оның айтуынша, мемлекеттік қызметте смартфондарға шектеу қою тәжірибесі шетелде де бар. Мәселен, "Apple" корпорациясы смартфонға қатысты бірқатар шектеулер енгізген. Сол сияқты Ұлыбританияның мемлекеттік органдарында смартфонның кейбір функцияларын өшіріп тастайды. "Бүгінде цифрлық теxнологиялар қарқынды дамып келеді. Сондықтан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа теxнологияларды қолдануға басымдық беріп келеді. Қазіргі кезде цифрлық куәлік жасалып жатыр. Академия мен агенттік бір ғимаратта отырғаннан кейін жаңа теxнологияларды енгізуді бірге пысықтап жатырмыз", - деп атап көрсетті Жақыпова.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар