Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Эстетикаға тойдық, енді су керек: Түсіпбаева Бауыржан Байбектің әрекетін сынға алды

Эстетикаға тойдық, енді су керек: Түсіпбаева Бауыржан Байбектің әрекетін сынға алды
ашық дереккөз
Әнші Алматыда қарапайым халықтың қара суға зар болып отырғанын айтты
Өз инстаграм парақшасында жұлдыз фейсбуктегі Айжан Қалиеваның жазбасымен бөлісу арқылы Алматы қаласы әкіміне қарапайым халық қамын көбірек ойлауын өтінді. "Байбек мырза-түсінемін ,жастық-мастық-албырт шақ...қатырдаңыз жарайсыз.Раxмет,сізге -зрелище эстетитеское пресыщение. Енді xалыққа суууууууууу -керек....Су-все просто....Да ....Воды -не зрелищ. Өтінеміз-жерге түсіңіз. өзіңіз басқарып отырған Алматының қарапайым тұрғындардың мұқтажына құлақ түріңіз", - деді Меруерт Түсіпбаева.  width=

Байбек мырза-түсінемін ,жастық-мастық-албырт шақ...🐿қатырдыңыз 👍жарайсыз💪💪💪Раxмет,сізге😜🐿-зрелище👍эстетитеское пресыщение☝️☝️☝️Енді xалыққа суууууууууу -керек....Су-все просто....Да ....Воды -не зрелищ😃😃😃Өтінеміз-жерге түсіңіз🙏🙏🙏🙏өзіңіз басқарып отырған Алматының қарапайым тұрғындардың мұқтажына құлақ түріңіз.....👂👂👂👂👂ауууууууууу Әкім мырза-ояныңыз🤗ПАРАДОКС: Алматының іргесіндегі өзім тұратын 71-разъезд ауылында мамыр айынан бастап ауыз су жоқ. Күн 40 градус күйіп тұр, біздің ауылдың тұрғындары ішерге бір жұтым су таппай жүр. Ал судың күшін (напор) көбейту үшін әкімдік "қаражат жоқ" дейді. Бірақ қаланың қақ ортасына 23 миллионға тиін орнатып, оны тоғыз айдан кейін өртеуге ақша табылады. Бұл мәселені Алатау ауданы әкімдігі шешіп береміз дегелі бір ай өтті, қалалық әкімдікке мамыр айында шағым айттық. Ораза айында да ел-жұрт дәретін алып, мейірін қандыратын су таппай сабылды. Міне, шілденің шіліңгір ыстығы келді. Бізде әлі су жоқ. Кір жуып, душқа түсу былай тұрсын, ішерге су таппай, жердің астынан шығатын құм аралас лай суды бір-бірімізден тасып жүрміз. Алатау ауданы депутаттарына да жеке өзім шығып, көмек сұрадым. Көмекшілері атқамінерлерге аталған мәселені жеткізіп, бір хабарын беретіндерін айтқан. Әзірше хабарласқан ешкім жоқ. Әкімдік қаланың көркеюіне деп тоғыз айдан кейін өртенетін тиінге қаражат бөлгенше, су таппай сандалған халықтың проблемасын шешсе ғой...

Публикация от Меруерт Тусiпбаева. (@mira_tusupbaeva)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар