Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Құдайдан қорықпағаннан қорық”: Сәкен Майғазиев жасөспірімнің өліміне қатысты жазба жариялады

“Құдайдан қорықпағаннан қорық”: Сәкен Майғазиев жасөспірімнің өліміне қатысты жазба жариялады
Сурет: фотоколлаж KYN.KZ
Онсыз да қара жамылып отырған отбасының шаңырағын ортасына түсіріп от қою қандай қатыгездің қарекеті екен?!

Белгілі әнші Сәкен Майғазиев Талғарда аса жауыздықпен өлтірілген жасөспірімнің өлімі мен Жетіқарада тірідей жанып кеткен бес бірдей баланың өліміне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы өзінің желідегі парақшасында бөлісті. 

“Құдайдан қорықпағаннан қорық. Жығылғанға жұдырық. Қыршын кеткен Шерзаттың өлімі мен бүгін түнде орын алған өрт оқиғасы, кешегі Жетіқарадағы бес бірдей баланың өртке оранып бақилық болғаны баршамыздың қабырғамызға қатты батып жатыр. Бүгін түнде болған өрт неден шыққанын құзырлы органдар анықтай жатар. Егер шындығында қасақана қастандықпен қолдан қойылған от болса, нағыз надандық, мейірімсіздік, имансыздық осы шығар”, - деп жазды әнші.

Сонымен қатар ол бұл оқиғаға қатысты әділ шешім шығатынына сенім артатынын жеткізді.

“Онсыз да қара жамылып отырған отбасының шаңырағын ортасына түсіріп от қою қандай қатыгездің қарекеті екен?! Жақсылық жасасаң өзіңе, жамандық жасасаң өзіңе. Адамның жасаған әрбір амалы өзіне айналып келетінін (бумеранг) білмеу қандай қараңғылық. Тынышы кеткен Талғардағы оқиғаға байланысты мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, Бас прокуратураның басшылығымен жедел-тергеу тобы құрылғанын, кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатынын хабарлады. Әділ шешім шығатына сенім артамыз. Шерзаттың және бес баланың жаны ЖАННАТта болсын", - деп жазды әнші.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар