Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Артығымен төлеп жібердім”: Баян Мақсатқызы суррогат аналарға қанша теңге бергенін айтты

“Артығымен төлеп жібердім”: Баян Мақсатқызы суррогат аналарға қанша теңге бергенін айтты
Сурет: видеодан скриншот
Менің жағдайымда бірі 6 миллион теңге сұрады, екіншісі 7 миллион теңге сұрады

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы екі қызының дүниеге келуіне көмектескен суррогат аналарға қанша ақша бергенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Ол “Көреміз” бағдарламасында берген сұхбатында суррогат аналарға артығымен ақша төлегенін жасырмады. 

«Суррогат аналардың ай сайынғы жалақысы – 250-350 мың теңге арасы. Бұл баға суррогат аналардың сұрағанына қарай бекітіледі. Бірі 250 мың сұрауы мүмкін. Екіншісі «одан көп бер» деп талап қояды. Қалған қаржыны бала туғаннан кейін бірден төлейсің. Баланы дүниеге әкелгеннен кейін қомақты келіскен гонарарын бересің. Бұл ай сайынғы жалақыдан бөлек төленеді. Қазақстанда суррогат аналардың гонорары өте аз. Сондықтан шетелдік азаматтар да біздің елге көп келеді. Дүниеге сәби алып келетін миссия үшін ондай баға өте арзан. Суррогат аналардың гонорары 6 миллион теңгеден басталып, 10 миллион аралығында болады. Менің жағдайымда бірі 6 миллион теңге сұрады, екіншісі 7 миллион теңге сұрады. Мен оларға артығымен төлеп жібердім. Өйткені ол суммалар мен үшін өте аз болды. Қос анамыз да ондайды күтпеді», – деді продюсер.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар