Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

16 жастағы Шерзат Болаттың өлімі: тағы үш күдікті ұсталды

16 жастағы Шерзат Болаттың өлімі: тағы үш күдікті ұсталды
Сурет: tengrinews.kz
Қазір кісі өлтіру және бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша тағы үш күдікті ұсталды. Бұл туралы Алматы облысының прокуроры Берік Адамов мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұған дейін аталған қылмыстық іс бойынша жеті адам ұсталған болатын. Күдіктілердің саны 10-ға жеткені белгілі болды.

«Бұл іс бойынша 10 адам күдікті деп танылды. Тағы екеуі қылмыстық қудалау орбитасында, бірақ олар – қорғану құқығы бар куәгерлер», – деп нақтылады Берік Адамов брифингте.

Қазір кісі өлтіру және бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар