Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Талдықорғанда жасөспірімді зорлады деген күдікке ілінген спорт мектебінің жаттықтырушысы сотталды

Талдықорғанда жасөспірімді зорлады деген күдікке ілінген спорт мектебінің жаттықтырушысы сотталды
Сурет: unsplash.com
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

Талдықорғанда жасөспірімді зорлады деп айыпталған 26 жастағы жаттықтырушы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сот отырысы жабық өтті.

"Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 122-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы (Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау) бойынша кінәлі деп танылды. Сотталушы өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылу мен қатар 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", – делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, тергеу 2023 жылдың желтоқсан айының басында басталған болатын. Айыпталушы Жетісу аудандық жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып жұмыс істеген.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар