Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Екеуміз екі жаудың баласындай»: Дариға Бадықова әріптесі Олжас Абай туралы айтты

«Екеуміз екі жаудың баласындай»: Дариға Бадықова әріптесі Олжас Абай туралы айтты
Сурет: Ашық дереккөздерден
Ол әзірге журналистерге сұхбат бере алмайтынын айтты

Белгілі актриса Дариға Бадықова әріптесі, актер Олжас Абай екеуінің қарым-қатынасы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Айтуынша, екеуі қатты ұрсысып қалатын кездері болады екен. Бірақ ондайда ешкім оларға басу айтпайтын көрінеді.

“Екеуміз екі жаудың баласындай тас-талқан боламыз. "Әй қойыңдар" деп бір адам татуластырмаған. Керісінше концертімізді көреді. Неге сондаймыз?! Журналистер дамылсыз хабарласып жатыр. Әзірге сұхбат бере алмаймын. Фокустың бәрі – фильмде", – деп жазды актриса.

Сондай-ақ, актриса әлеуметтік желі туралы да сөз етті.

“Әлеуметтік желіге кірсең бір дұрыс көңілді ақпарат жоқ. Одан микрофонды ортаға қойып, ақыл айтқан адамдар. Одан қала бере өмірімді әдемі етіп көрсетемін деп қырынан да, жанынан да, шешініп те суретке түсетін қыздар. Топырлап бір жерге барып, бір-бірін мақтап, сабылып жүрген адамдар. Өзі қобырап отырып, парақшамды эстет қыламын дегендер. Өзімді дамытуым керек деп үрейленгендер”, – деді Дариға Бадықова. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар