«Менің шаруам жоқ»: Жанар Айжанова Талғардағы оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 қазан, 2024
- 255
Белгілі әнші Жанар Айжанова Талғардағы 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты пікір білдіруден бас тартты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Блогер Жан Ахмадиев кейбір әншілерден Талғардағы оқиғаға қатысты пікірлерін сұрады. Алайда Жанар Айжанова оның сұрағына ашуланды.
“Мен ондайды айтпаймын. Менің шаруам жоқ саясатта. Аулақ жүріңдерші", –деп ашуланды әнші.
Блогердің айтуынша, сахнада жүрген танымал адамдардың біразы бұл тақарыпты қозғағысы келмейтіндерін жеткізген.
“Осыған дейін Шерзаттың өлімі туралы шу біраз жерге дейін жетті. Біразымыз қозғап жатырмыз. Менің жаныма бататыны, ел алдында жүрген әншілер неге осы іс жайлы тіс жармады? Әнші болсын, блогер болсын халықтың арқасында күн көріп отырғаннан кейін есеп беруі керек деп ойлаймын. Өйткені халықтың арқасында күн көріп, нан тауып отырсыздар. Әншілермен сөйлескіміз келген. Біразы бас тартты. Бұл тақырыпты қозғағымыз келмейді дейді", – деді желі жұлдызы.
Желі қолданушылары Жанар Айжанованың айтқан сөзін сынға алып, түрлі пікірлер жаза бастады.
“Жанарды халықтың қызы деп ойлаушы едім”, “Шаруам жоқ, аулақ жүр” деді ме, масқара! “Адам өліп отырғанда, шаруам жоқ дегені қалай?!”, «Қара халықтың арқасында шалқайып жүрген жоқсыңдар ма?» деп жазды.
Ұқсас жаңалықтар
«Бөтенге ақша шығарыңыз!»: Баян Мақсатқызы көпшілікке үндеу жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024