Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жетісіп жүрген адам жоқ!»: Меруерт Түсіпбаева желіге жылап видео салатын қыздарға ашуланды

«Жетісіп жүрген адам жоқ!»: Меруерт Түсіпбаева желіге жылап видео салатын қыздарға ашуланды
Сурет: Ашық дереккөздерден
Көз жастарыңды сорғалатып желіге видео салмай, жаныңдағы жарыңа, досыңа айт, есікті тас жауып, өзіңмен өзің жыла, тауға барып бар дауысыңмен айқайла, шарап іш!

Белгілі әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева камерада жылап, оқырман жинағысы келетіндерді сынады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, желіге видео салып, ебіл-дебіл жылау жиіркенішті көрінеді.

«Көрмейін десем, көзім бар демекші… Пәлесінен аулақ жазбайын, айтпайын десем де болмайды. Ал оқыңыздар! Бүгін, Фб-те, өмірден баяғыда озып кеткен аңыз-әнші апамыздың келіні жылап (через фильтр) видео салыпты. Соткам көбіне дыбыссыз тұрады, мен оның неге жылап жатқанын, білгім де келген жоқ, сол үшін дыбысты қоспадым. Еее …бұл әйелде  #втренде болғысы келген шығар , оқырман жинағысы келген- ау, внимание жетіспейді ме, дееееп перелистнула ленту…Қыздар-ау! Осы кім болсаңда, желіге видео салып, ебіл-дебіл жылауды қойыңдаршы! Жиіркенішті! Қай жерден көріп, қай аталарыңнан естідіңдер, қазақтың қызының дүйім жұрт алдында егілгенін?!», - деп жазды актриса.

Меруерт Түсіпбаева қыз-келіншектерге жұмбақ болуға және көз жастарын бәріне көрсете бермеуге шақырды.

«Біздің аналарымыз басына қандай іс түссе де, сабырлық танытқан, көз жасын көл қылмаған (Жаман ырымға балаған). Жар салып, жер тепкілеп, қиындықтарын жайып салмаған! Көз жастарыңды сорғалатып желіге видео салмай, жаныңдағы жарыңа, досыңа айт, есікті тас жауып, өзіңмен өзің жыла, тауға барып бар дауысыңмен айқайла, шарап іш! Білмеймін, трагедияны тұншықтыратын амал көп қой!

Құдай үшін, көз жастарыңды көл қылып, видео салмаңдаршы! Сендер үшін мен ұяламын, жұрттан! Онсызда жетісіп жүрген адам жоқ! Күліп жүрейікші, қыздар! Сырымызды ішімізде сары майдай сақтап, құпиялы-сырлы, загадка-әйел, мықты айел болып жүргенге не жетсін, шіркін!? Біздің проблемамыз кімге керек?! Ал  оқырман, жылауық құрбыларыңызды белгілеңіз…», — деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар