Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Семейде мұғалім сабақ үстінде сөйлесу үшін екі оқушыны әжетханаға апарған

Семейде мұғалім сабақ үстінде сөйлесу үшін екі оқушыны әжетханаға апарған
Сурет: vesti-yaroslavl.ru
Мұғалімнің бұған дейін қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жазаға тартылғаны белгілі болды

Семейде мектеп мұғалімі 7-сыныптың екі оқушысын сабақ кезінде сөйлесу үшін әжетханаға алып шыққан. Бұған қатысты ата-аналар наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Оқиға 16 қазанда №38 мектеп-лицейде болған. Абай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі мән-жайды түсіндірді.

Екі оқушы мұғалімнің сабағына кедергі келтірген. Мұғалім басқа сыныптарда сабақ жүріп жатқан соң, олармен дәлізде сөйлесе алмаған. Сол себепті екеуін дәретханаға апарғанын айтқан. Оқушылар оның әңгімесін телефонның диктофонына жаза бастаған. Ашуланған мұғалім оны өшіріп тастаған.

Оқушыларға күш қолданбаған, дөрекі сөз айтпаған. Бірақ мұғалімнің жазбаны өшіргені мен балаларды әжетханаға апаруы ата-аналардың алаңдаушылығын тудырған.

"Тарих пәнінің мұғалімі мен 7 "В" сынып оқушыларының мінез-құлқына қатысты іс Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте мұқият қаралды. Талқылау нәтижесінде ҚР Еңбек кодексінің 64-бабының 4-тармағына сәйкес, кеңес директордың міндетін атқарушыға осы мұғаліммен еңбек шартын бұзуды ұсынды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Мұғалімнің бұған дейін қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жазаға тартылғаны белгілі болды.

"2024 жылғы 17 қазандағы № 435 бұйрығымен мұғаліммен еңбек шарты бұзылды", - деп хабарлады білім басқармасы.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар