Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістандықтар «AGROFEST TÚRKISTAN - 2024» салтанатты шарасында өнер жұлдыздарының концертін тамашалады

Түркістандықтар «AGROFEST TÚRKISTAN - 2024» салтанатты шарасында өнер жұлдыздарының концертін тамашалады
kyn.kz
Түркістан қаласында өз несібесін жерден терген, қажырлы еңбектерімен қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының нығаюына қомақты үлес қосып келе жатқан Түркістан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «AGROFEST TÚRKISTAN - 2024» салтанатты шарасы өтті.

 Бұл күні тұрғындарға ала жаздай ризық-несібесін жерден терген өңір диқандарының 3000 тоннадан астам өнімдері ұсынылды.

«Керуен сарай» туристік кешенінде ұйымдастырылған мерекелік шарада асыл тұқымды мал шаруашылығы мен техникалар көрмесі және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі және Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Ауқымды шараға қатысқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, еңбек адамдарына құрмет көрсетті.

Мерекелік шарада облыстың аграрлық саласының дамуына белсенді үлес қосып келе жатқан озат агроқұрылым басшылары мен өкілдері марапатталды. Атап айтқанша, ет өнімдерін экспорттауда озат агроқұрылым, жылыжай шаруашылығын дамытуда, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалауда озат агроқұрылымдар, озат астық өндіруші, отаз бақша өндіруші, озат мақта өндіруші, озат көкөніс өндіруші, озат қой шаруашылығын дамытушы, озат ірі қара мал шаруашылығын дамытушы, озат түйе шаруашылығын дамытушы, озат құс шаруашылығын дамытушы, озық технологияны ендіруде озат агроқұрылым марапатталды.

Мерекелік іс-шара Қазақстанның жарық эстрада жұлдыздары «Мұзарт» тобы, Қайрат Нұртас және Мирас Жүгінісовтың қатысуымен кешкі гала-концертпен жалғасты. Өнер жұлдыздары ашық аспан астында өткен кеште мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар