Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың әйелі болған Светлана Назарбаева 77 жасында қайтыс болды. Ол Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіштің анасы, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы саясаттанушы Ербол Еділов өзінің Telegram арнасында жариялады.
Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаев 1981 жылы қайтыс болған. Екеуінен Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіш туған.
Ашық дереккөздерге сенсек, Светлана Назарбаева Алматы облысы, Бөрлі-төбе ауданы, Лепсі ауылында дүниеге келген. Филолог, педагогика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. "Дәуір" республикалық полиграфиялық баспа кешенінің бас директоры қызметін атқарды.
Сонымен қатар Светлана Назарбаева жылжымайтын мүлікті жалға берумен айналысатын «Интердизайн-АС» астаналық компаниясының иесі.
Ұқсас жаңалықтар
«Бәріміз де қыз асырап отырмыз»: Мәжілісте қыз алып қашу мәселесі көтерілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024
Мектепте жаңа жылда ақша жинауға бола ма: оқу-ағарту министрі жауап берді
- авторТомирис Тоныкөк
- 3 желтоқсан, 2024