«Атып өлтіремін»: Қарағанды облысында мәслихат депутаты ауыл ақсақалын қорқытқан
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 қазан, 2024
- 1.2k
Қарағанды облысы Нұра ауданының мәслихат депутаты Серік Бекмағамбетов Ахметауыл ауылында егде жастағы тұрғынды алдымен атып өлтіремін деп, кейін пышақпен қорқытқан, деп хабарлады KYN.KZ ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 21 қазан күні болған. Аудандық мәслихаттың депутаты мас күйінде көлік жүргізіп, алпыстағы адамды қорқытқан.
«21 қазан күні Қарағанды облысы, Нұра ауданына қарасты Ахмет ауылында белгісіз азамат, ішімдік ішкен күйде 60 жастағы жергілікті тұрғынды қарумен қорқытқан. Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Анықталғандай, ол аудандық мәслихаттың 38 жастағы депутаты болып шықты. Күдіктіге қатысты «ұсақ бұзақылық» бабымен әкімшілік хаттама толтырып, соның шешіміне сай, 15 тәулікке қамалды. Сондай-ақ, қылмыстық кодекстің «қорқыту» және «атыс қаруын заңсыз ұстау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленушінің айтқан арыздарының барлығы жан-жақты тексеріліп жатыр. Қылмыстық іс облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында», - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті.