Түркістанда ер адам бұрынғы әйелінің туысын өлтірмек болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 қазан, 2024
- 349
Шымкент қаласының тұрғыны бұрынғы әйелі мен балаларына қонаққа барған. Алайда, әйелдің туысы екеуінің арасында жанжал туған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Тұрмыстық жанжал салдарынан адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Шымкент қаласының бұрын бірнеше рет сотталған тұрғыны бұрынғы әйелі мен балаларына қонаққа келген. Оның туысы екеуі арасында жанжал шығып, нәтижесінде әйелдің бұрынғы күйеуі пышақталған.
«Күдіктінің жеке басы анықталып, оны ұстау шаралары жүргізілуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті жедел іздестіру және тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жария етуге жатпайды», — деп хабарлады Түркістан облысы ДПД баспасөз қызметі.