Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Американдық ару екі сағаттық акуламен күресте жеңді

Американдық ару екі сағаттық акуламен күресте жеңді
ашық дереккөз
Балықшы қыз екі метрлік акуланы аулап, оны жағажайға шығарды.
Видеоны FOX News порталы жариялады. Техас штаты, Конро қаласының тұрғыны Лорен Биггерс күйеуінің туған күнін атап өту үшін балық аулауға келеді. Олар қармақты салып, жағажайда тойлатып жатты. Биггерс қармаққа балықтың ілінгенін көріп, тарта бастайды. Екі сағаттық арпалыстан кейін жағажай қонақтарының алдында акуланы жағаға шығарады.  «Менің ойымша, күнделікті жаттығуларды істемегенде, өзімнен екі есе үлкен балықты шығара алмас едім. Акуланы шығаруды қанша қалағаныммен, өзіме сенімсіз болдым. Алайда, оны ұстағанымда керемет сезімде болдым», - деп Лорен әсерімен бөлісті. Биггер акуланы шығарған бетте күйеуі мейрамханадан жүгіріп шығып көмекке келді. Екеуі ауланған балықпен фотоға түсіп, оны суға қайта жібере салды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар