Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Малайзияда итті жұтып қойған жеті метрлік питон ұсталды

Малайзияда итті жұтып қойған жеті метрлік питон ұсталды
ашық дереккөз
Қолға түскен 100 келілік питон бұл өңірде бұған дейін ұсталған ең ірі жыланнан екі есі үлкен болып шықты.
Бұл жайлы New Straits Times баспасөзі жазады Джемалуанг ауданының фермаларының бірінде алып бауырмен жорғалаушы жүргені жайлы полиция бөліміне хабар түседі. Оқиға орнына екі полиция автокөлігі мен жылан аулау арнайы жабдықтарымен алты азаматтық қорғаныс қызметкерлері шықты. Олар итті жұтып болған питонды суағардың ішінен тауып алады. Түтін арқылы жыланды иемденген панасынан шығарып, торға қамайды. Бауырмен жорғалаушыны ұстағаннан кейін, оның салмағын өлшейді. Бұл алыптың бұған дейін ұсталған ең ірі питоннан екі есе үлкен екені анықталды. Әлемдегі ең ірі питондар – торлы питондар осы Малайзияда өмір сүреді. Олардың ұзындығы жеті метрден де асуы мүмкін. Маусым айында Сулавеси атты индонезиялық аралда ұсталған сегіз метрлік питтоның ішінен әйел денесі табылған баолатын.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар