«Ұлттық имиджге нұқсан келтіру»: "Шымбұлақ" директоры кабиналарға тас лақтырған жастарға ашуланды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 23 қазан, 2024
- 274
Желіде бірнеше жігіттің Медеуде арқанжолдағы кабиналарға әлдене лақтырып жатқан видеосы тарады. Бұл көпшіліктің ашуын туғызды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Медеуде түсірілген видеоны "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының директоры Ринат Әбдірахманов Instagram-дағы парақшасында жариялады. Бейнежазбадан бірнеше жігіттің бейәдеп сөздер қолданып, кабиналарға әлдене лақтырғаны көрінеді.
Бұған қатысты "Шымбұлақ" компаниялар тобының басшылығы пікір білдірді.
"Мен бүгін бір топ мәдениетсіз жастардың кабинаға тас лақтырған видеосын көрдім. Ол ғана емес, балағат сөздер айтып жатыр. Кабинадағы адамдар еліміздің қонақтары болуы мүмкін ғой. Мұны мүлде ойлап тұрған жоқ. Біреудің мүлкіне залал келтіріп тұрғандарында ісі жоқ. Мұндай көрініске куә болған турист не ойлайды? Бұлар затқа не адамға қастандық жасап ғана қоймай, сонымен бірге біздің ұлттық имиджге нұқсан келтіріп тұр. Бұл "Жастықпен жасалған іс" емес, бұл – ұлтты масқаралау", - деп жазды Ринат Әбдірахманов.
Сондай-ақ, ол мұндай бұзақылық жазасыз қалмайтынын ескертті.