“Бүкіл ғұмырым көз алдымнан өте шықты”: Айгүл Иманбаева анасының денсаулығы туралы
- автор Томирис Тоныкөк
- 23 қазан, 2024
- 1.5k
Әнші Айгүл Иманбаева анасының денсаулығын тексерту үшін Стамбулға апарған. Айтуынша, анализдерінен ақаулар шыққан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы “Төрлетіңіз” бағдарламасында айтып берді.
"Қыз болып қуыршақ ойнамағанмын. Бір төбелесте мұрнымның үстіне тыртық түсті. Бала болсам да ұялып, көп көзіне түсе бермейтінмін. Сол кезде анам: “Сен жоғалып кетсең, мен тез тауып аламын. Тыртық – сенің ерекшелігің. Ондай ешкімде жоқ” деді. Содан бері ол тыртықтан ұялған емеспін. Биыл анамның анализдерінен ақаулар шығып, Стамбұлға медициналық тексертуге апардым. Бүкіл ғұмырым көз алдымнан өте шықты. Мәңгілік жүретін сияқты сезілетін. Осы тексеруге апарғанда көп дүниені бастан өткеріп, сабақ алдым. Осы сапар 10 күннің ішінде көп жасқа есейтіп жіберді", – дейді әнші.
Сондай-ақ, әкесінен кешірім сұрап, ол кісінің батасын алғаннан кейін өмірінде жолы ашылған.
“Әкеммен 40 жылдан кейін араластық. Қалай әкемнің батасын алдым, солай тұрмысқа шықтым. Әлемге көп жол ашылды. Лондонға кетер алдында әкем концертке келді. Сонда айтылған барлық сөз алғашқы және соңғысы болыпты. Сол концерттен кейін үш айдан соң әкем қайтыс болды. Әкемнен кешірім сұрап үлгердім. Ол кісінің батасын алдым", – деді өнер иесі.