«Ұлтты қорлап жібердік»: Айнұр Тұрсынбаева өзін «инфосыған» дейтіндерге жауап берді (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 қазан, 2024
- 505
Белгілі айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева өзін “инфосыған” дейтіндерге жауап беріп, көпшілікті курсының нәтижесіне қарауға шақырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол инфосыған деп айту, өзге ұлтты қорлаумен тең екенін айтты.
“Қазір әлеуметтік желіде сабақ сатып жүрген адамдардың бәрін “инфосыған” дейтін болды. Бұл жерде сыған деген үлкен ұлт. Тұтас ұлтты қорлап жібердік. Сабақ сатудың әртүрлі жолдары бар. Әркім өзінің нәтижесіне қарауы керек. Мысалы, пирамидалардың ғұмыры неге қысқа?! Өйткені адамдар тез алданады. Одан кейін жабылып қалады. Өтірік дүниенің ғұмыры қысқа”, – деді коуч-психолог.
Сонымен қатар, өзінің тегін курстары арқлыы көптеген қыз-келіншек өз кәсіптерін бастап жатқанын алға тартты.
“Міржақып Дулатовты танымайтын қазақ жоқ. Психологияның негізін қалаған адам. Қазіргі қорқынышты ақпарат көп кезде қоғамға психология ілімі керек. Осы біздің арзан және тегін сабақтарымыз арқылы дүкен ашып, наубайхана ашып жатқан қыз-келіншек көп. Сабақ сатып жатыр деп көпке топырақ шашпай, солардың нәтижелеріне көп көңіл бөлу керек”, – деді айтыскер ақын.