Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 қазан, 2024
- 837
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 25 қазан Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы еліміздің болашағы әр азаматқа байланысты екенін атап өтті.
«Біз берекелі бірлік пен ырысты ынтымақтың арқасында аса күрделі сын-қатерлерді еңсеріп, ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып келеміз. Қоғамдағы заң мен тәртіп, азаматтардың еңбекқорлығы мен кәсіби біліктілігі қазіргі реформалардың берік тірегіне әрі қозғаушы күшіне айналды. Еліміздің ертеңі қандай болатыны әрбір отандасымызға байланысты екені анық», - деді Тоқаев.
Ол қазақстандықтарға денсаулық, бақыт тіледі.
«Азаматтарымыз осы қастерлі жауапкершілікті терең түсініп, мемлекеттігімізді нығайтуға өз үлесін қосады деп сенемін. Сіздерге зор денсаулық, толайым табыс және бақ-береке тілеймін!», – деді президент.
Ұқсас жаңалықтар
«Қош келдіңі»: Тоқаевты Токио губернаторы қазақ тілінде қарсы алды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми іс-сапармен барды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 желтоқсан, 2025




