Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Біздің отбасымызға – 8 жыл»: Елдос Колобок әйеліне ерекше тосынсый жасады

«Біздің отбасымызға – 8 жыл»: Елдос Колобок әйеліне ерекше тосынсый жасады
Сурет: Видеодан скриншот
Блогер әйелін алып қашып кеткен

"Елдос Колобок" атымен танылған блогер Елдос Қадырхановтың үйленгеніне сегіз жыл толған. Ол әйеліне ерекше сыйлық жасады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Блогер Instagram-дағы жеке парақшасында жары Таңшолпан Шотаеваға тосынсый жасаған сәттің видеосымен бөлісті.

"Сөз салғанымда "жоқ" деп айтатын еді. Сол үшін алып қашып кеттім. Қазір енді кеш. Дегенмен бүгін біздің отауласқанымызға 2920 күн болған екен", - дейді блогер жұбайына сыйлығын ұсынып тұрып.

Блогердің әйелі де отасқандарына сегіз жыл толуына орай тілек жазды.

"Біздің отбасымызға – 8 жыл. Уақыт деген аямай, зымырап өтіп жатыр. Көзді ашып-жұмғанша "Бүгін бізге 80 жыл болыпты" деп отырайық. Бақытты, ұзақ, мәнді, көңілді өмір сүрейікші. Отқа да, суға да қол ұстасып бірге. Жарқын болашаққа кеттік", - деп жазды.

Желі қолданушылары блогерлер отбасына жылы лебізін білдіріп "Қандай әдемі, көз қуантады", "Сендердің махаббаттарыңа, әсіресе, Елдостың жұбайына деген кіршіксіз махаббаты мен сезіміне тәнті боламын",  "Балдай тәтті махаббаттарың мәңгілік болсын!" деп тілек білдірді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар