Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Оқушының басына секіріп, пышақтаған: Бір топ оқушыны студенттер өлімші етіп сабап кетті (ВИДЕО)

Оқушының басына секіріп, пышақтаған: Бір топ оқушыны студенттер өлімші етіп сабап кетті (ВИДЕО)
diapazon.kz
Бұзақылар бір оқушының құлағын кесіп алуға тырысқан.

 Кешкі уақытта спорт алаңында ойнап жүрген 11-сынып оқушыларын бір топ жігіт келіп, сабап, пышақтаған, деп жазды KYN.KZ  тілшісі Диапазон сайтына сілтеме жасап.

Төбелес №23 мектептің балалар фотбол ойнайтын спорт алаңында болған. 

“Біздің балалалар мектеп алаңында футбол ойнап жүрген. Мектептің жанынан екі топ колледж студенттері өтіпті. Олардың бір тобы, шамаман 15 адам, балаларымыздың жанына келген. Төбелесті солар бастаған. Әр оқушыға 4-5 адамнан жабылған. Олардың колледж студенттері екенін кейін білдік. Менің балама бесеуі жабылған. Соққыдан әлсіреп жерге ққұлағанда үш жерінен пышақ сұққан. Сәл болғанда пышақ бүйрекке тиер еді. Досымның ұлына да пышақ сұққан. Тағы бір баланы да оңдырмапты. Оның миы шайқалған, омыртқасына зақым келген. Ол баланың басына секірген көрінеді. Ұлымның айтуынша, студенттердің бірі оның құлағын кесемін деп қорқытқан. Ол басын бұғып. орнынан тұрғанда жабылғандар қашып кеткен”, – дейді Шынар есімді ата-ана. 

Айтуынша, қаскөйлер қашып кеткен соң балалар жақын маңдағы дүкенге бас сауғалаған. Кейін жедел жәрдем, полиция келген. Соққыға жығылған оқушылардың үшеуі ауруханаға түсті. Жарақаттары ауыр болған. 

“Жапа шеккен басқа балалар да бар. Бірақ олар арыз жазудан бас тартты. Төбелес болған жерде бейнекамера болған. Видеодан шабуыл жасаған 7 адамды көруге болады. Бірақ қаскөйлердің саны 15 еді. Арада 19 күн өткеннен кейін де ешкім ұсталмады да, анықталмады да. Тергеудің ұзақ уақытқа созылып жатқанына ашуланамыз. Бейнежазбаға түсіп қалған жеті адамның екеуі ғана бұзақылық жасады деп айыпталған, қалғандары бостандықта жүр”, – дейді ашынған ата-ана.

Тергеуді әділ өтуін қалаған ата-аналар болып жатқан келеңсіз жағдайларға алаңдайды.

“Тергеу әділ өту үшін барлық шараларды қолданып жатырмыз. Төбелеске қатысушылардың барлығы сол түні анықталды. Қазір тергеу жүріп жатыр, әркімнің не істегенін анықтап жатыр. Олардың барлығы кәмелетке толмағандықтан жағдай қиын болып тұр. Олардың арасында Шалқар және басқа да аудандардың тұрғындары бар. Олардан тек заңды өкілдердің қатысуымен ғана жауап алынуы мүмкін. Уақыт керек”, – деп мәлімдеді полиция.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар