Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әйелін 10 рет пышақтап, 5 миллион теңгесін ұрлаған: Алматыда Әл-Бейне Зарипованың күйеуіне апелляциялық сот шешімі шықты

Әйелін 10 рет пышақтап, 5 миллион теңгесін ұрлаған: Алматыда Әл-Бейне Зарипованың күйеуіне апелляциялық сот шешімі шықты
Сурет: Stan.kz
Сабыржан Зариповқа 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілген еді

Алматыда Әл-Бейне Зарипованы 10 рет пышақтап өлтіріп, артынша 4 миллион 700 мың теңгесін ұрлағаны үшін сотталған күйеуі сот шешіміне келіспей, апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелін жауыздықпен өлтіріп, ақшасын ұрлаған Сабыржан Зарипов 15 жылға сотталған еді. 30 қазанда оның апелляциялық шағымы бойынша сот отырысы WhatsApp арқылы онлайн өтті.

Сотталушының адвокаты соттың бірінші инстанциясында қателіктер болғанын айтып, қорғаушы тараптың дәлелдері ескерілмегенін айтты. Олар апелляциялық сот отырысына Сабыржан Зариповты қатыстыруды сұрады. Сонымен қатар қосымша сот-медициналық сараптама тағайындау қажет деп санайды. Сот Зариповтың қатысымы керек емес деп, оның өтінішін қанағаттандырмай қойды. 

“Біз алғашқы инстанцияда Әл-Бейненің көзге шөп салғанын мойындаған аудиожазбасын ұсындық. Зариповтың осыдан-ақ күйзеліс пен толқу кезінде қылмыс жасағанын көруге болады. Әрі оның ұрлық жасағанын дәлелдейтін нәрсе болған жоқ. Тек айыпталушы мен жәбірленуші куәлік берді. Демек дәлел жеткіліксіз деп істі қысқарту керек еді”, – деді адвокаты.

Ал жәбірленуші тараптың адвокаты алғашқы инстанциядағы шешім заңның шеңберінде болғанын айтты. Сөзінше, екінші мәрте сараптама жасалды және ол аффектті жоққа шығарды. 

Нәтижесінде Алматы қалалық сот алқасы бірінші инстанциядағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Судья қайтадан сараптама жасатудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда ер адам әйелін 10 рет пышақтап, 5 миллион теңгесін ұрлап, жертөлеге тастап кетті деп айыпталғанын жаздық. Нәтижесінде, Сабыржан Зариповқа 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілген еді.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар