Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Соншалықты қымбат емес»: Лидия Кәденова Меруерт Түсіпбаеваға құлағындағы сырғасын сыйлады

«Соншалықты қымбат емес»: Лидия Кәденова Меруерт Түсіпбаеваға құлағындағы сырғасын сыйлады
Сурет: Видеодан скриншот
Лидия Кәденова әншіге сырғасын ырымдап бергенін айтты

ҚР Халық әртісі, актриса Лидия Кәденова әріптесі, әнші Меруерт Түсіпбаеваға құлағындағы сырғасын шешіп берді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Әншінің айтуынша, алғаш театрға келгенде ол кісі көп көмектескен екен.

“Су жаңа халық әртісі құлағындағы сырғасын шешіп берді. Алғаш театрда сары ауыз балапан болып келгенде Лидия апайлар көп көмектесіп еді. Екі сөз айтсақ та, апайларға қарап, тексертіп алушы едік. Осындай керемет сыйлығыңыз үшін рақмет! Атағыңыз құтты болсын”, – деді Меруерт Түсіпбаева. 

Лидия Кәденова Меруерт Түсіпбаеваға сырғасын ырымдап бергенін айтты. 

“Осы күнге дейін өзің де қаншама марапатқа ие болдың. Мәселе атақта емес. Адам ол үшін жұмыс істемеуі керек. Еңбегіңнің жемісі мол болсын! Мына сырғаны саған тағамын. Соншалықты қымбат емес. Бірақ рөлдеріңе тағып шығарсың. Ырымдап беріп жатырмын”, – деді Лидия Кәденова

Айта кетсек, Республика күні қарсаңында актриса Лидия Кәденова Халық әртісі атағын алған болатын.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар