«Жақын арада оң шешімін табады»: Қытайда жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты
- автор Томирис Тоныкөк
- 31 қазан, 2024
- 97
ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Қытай түрмесінде жатқан Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты мәлімдеме жасап, жақын арада оң шешімін табатынын жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Azattyq Rýhy сайтының хабарлауынша, Бас прокуратура барлық күш-жігерін салып жатыр.
«Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты біз Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып, Қытайдан қайтаруға бар күш-жігерімізді салып жатырмыз. Біз ол жұмысты тоқтатқан жоқпыз. Ол жұмыс белсенді түрде атқарылып жатыр. Менің ойымша, жақын арада оң шешімін табады деп сенемін. Бұл оңай жұмыс емес. Ол өз жазасын елімізге келіп өтеуге қатысты оның арызы бізге түскен. Ол жазасын елімізге келіп өтегісі келеді. Ол өзінің адвокатымен тұрақты түрде байланыста», - деді Ғалымжан Қойгелдиев.
Айта кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайынан 4 жарым келі есірткі алып өтпек болды деп айыпталған. Бір жылдан соң Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Ал отандасымыз өзін шетелдік досы, яғни Адиндо Нонсо Фортуненің арбауына түсіп қалғанын айтқан еді.