Мәдениет
“Сенің бриллианттарыңнан қымбат емес”: белгілі ақын Мақпал Жүнісоваға сақинасын сыйлады
- автор Томирис Тоныкөк
- 31 қазан, 2024
- 169
Ақын сақинаны Мерейге сыйлыққа тарту еткен
Белгілі ақын, сазгер Ақұштап Бақтыгереева халық әртісі Мақпал Жүнісоваға саусағындағы сақинасын шешіп берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
80 жасқа толған ақын өнер өкілдерінің басын қосты.
“Айналайын, дами беріңдер! “Әкемнің құрдасының қолынан алдым” деп тағып жүр. Сенің бриллианттарыңнан қымбат емес шығар?! Бірақ көңілі мен жолы қымбат. Мақпал, бұл сақина саған емес, Мерейге беріп жатырмын. Болашақта қолынан тастамай тағып жүрсін! Менің батам мен алғысым осы. Аман болыңдар! Өзің де елдің батасын алып, жүре бер”, – деді ақын.
Өз кезегінде әнші Ақұштап Бақтыгерееваға алғыс айтты.
“Ақұштап апам Мерейге сақина сыйлады. Апамның абыройын, жасын берсін! Апамның ғасыр тойына жетуіне тілектеспін”, – деп жазды әнші.
Келесі мақала