Айтуынша, әншіге «аяғың ауыр ма?» деген сұрақ жиі қойылады екен
Әнші Айгүл Иманбаева келесі жылы болатын үйлену тойының қайда өтетінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі желідегі оқырмандарының сұрақтарына жауап берді. Ол қазіргі кезде үйлену тойына дайындалып жүр.
«2025 жылы үйлену тойы болады. Бірақ Қазақстанда жасамаймыз. Жолдасым екеуміз АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында тойлауды жоспарлап отырмыз. Маған «аяғың ауыр ма?» деген сұрақтар да келіп жатыр. Осы тақырыпты босанғаннан кейін айтайын. Міндетті түрде сіздерден сүйінші сұраймын. Ұлым Асылжанның тойы да мүлдем басқаша форматта өтеді. Сол тойда тағы да бірнеше жаңалығымызды жария етеміз. Әр шаңырақта той болсын», – деп жазды әнші.