“Күйеуім шаршап кетсе, төркініме кетіп қаламын”: Мархаба Сәби отбасылық өмірі жайлы айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 31 қазан, 2024
- 209
Әнші, әрі хит әндердің авторы Мархаба Сәби отбасылық өмірі туралы алғаш рет ашып айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы «1001 түн» бағдарламасында әңгімеледі. Сөзінше, күйеуі екеуі де өнер адамдары болған соң бір-бірін жақсы түсінеді.
Өнер иесі ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы туралы сөз етті.
"Адамдар бір-біріне жылы сөздер де айтып тұру керек. Арасында бір-біріне демалыс та беріп тұру керек. Әркімнің жеке кеңістігі болу керек деп есептеймін. Ол керісінше, адамдардың бір-біріне деген сезімін күшейтеді. Ажырамайтын ғашықтардың өзіне де жеке уақыт керек. Жолдасым екеуміз аптасына бір рет бір-бірімізге демалыс беріп тұрамыз. Кейде күйеуім шаршап кетсе, мен баламды алып, төркініме кетіп қаламын. Кейде, керісінше, мен жалғыз қалғым келген кезде, күйеуім қызымды алып қалады. Мен үшін демалыстың төресі – жалғыз қалып, ән жазу, жеке шығармашылығыммен айналысу», – деді әнші.