Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді

Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
Сурет: t.me/KZgovernmen
Жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тиісінше бақылау жасамаған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды ​​облысының әкіміне сөгіс берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді", - деп жазды Берік Уәли.

Айта кетсек, бұған дейін Қарағанды облысындағы Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қызметінен босатылған болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар