«Меккеге бірге барамыз деп армандап едік»: Құрманай Бақтиярқызының қызы анасына жазба арнады
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 қараша, 2024
- 276
Жақында көз жұмған сазгер Құрманай Бақтиярқызының қызы Ханшайым анасы туралы жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Ол марқұм анасымен Меккеге баруды армандап, мақсат еткен. Айтуынша, туған күнінде анасын ауруханаға апарған.
“Өзімнің туған күнімде маған жарық дүние сыйлаған анамды ауруханаға барып, бетінен сүйіп шықтым. Алланың ісіне шара жоқ. Өзі беріп, қайтадан шақырып алды. Мәңгілік сапарына шығарып салдым. Жарқыраған күн еді, менің арқа сүйерім еді ғой… Бәрін жүректен шыққан сөздерімен жұбататын. Жаназа кезінде үйден ғұсылын алдырып, сұлу боп шыққанда қимастық сезім қатты қысты. Раббыма көп дұға айттым. Періштелер әдемі иісімен күтіп алатындай етіп, шығарып салдым. Анашыммен жасалған қаншама ниетім бар еді. Меккеге бірге барамыз деп армандап едік. “Анашым, сәждеге маңдайың тиді. Енді бірге намаз оқиық, қара тасты бірге ұстап тілек айтамыз” деп едік. Жүрегіңнің иманы өзіңе серік болсыншы”, – деп жазды Ханшайым есімді ару.
-7 градус аяз: Қазақстанда күн суытады
Ұқсас жаңалықтар
«Бөтенге ақша шығарыңыз!»: Баян Мақсатқызы көпшілікке үндеу жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024