Астанада түнгі клубта қызбен танысып, қонақүйге барған жігіт 7200 долларынан айырылып қалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 қараша, 2024
- 312
Астанада жігіт түнгі клубта бойжеткенмен танысып, 7200 долларынан айырылып қалды. Ол Алматыдан көлік сатып алу үшін барған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Полиция департаментінің мәліметінше, жас жігіт түнгі мекемеде бір қызбен танысқан. Екеуі ол мекемеден кейін тағы да басқа жерде көңіл көтеріп, одан кейін қонақүйге барған.
Жігіт әңгіме барысында сөмкесінде 10 мың АҚШ доллары көлемінде банкноттар барын айтып, көрсетіп қойыпты.
Қонақ үйде жігіт ұйықтап қалғаннан кейін, қыз өзімен бірге 7200 АҚШ долларын алып кеткен. Ер адам оянғаннан кейін қаражатының жоғалғанын біліп, бірден полицияға хабарласады.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген 25 жастағы күдіктіні бір тәулік ішінде анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, қыз мойындау көрсетпелерін берді. Полиция қаражаттың бір бөлігін тәркіледі.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді. Қоғамдық орындарда құнды заттар мен ірі ақшалай қаражаттарды көрсетпеуге кеңес береміз. Сізге қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасалған жағдайда, «102» арнасына дереу полицияға хабарласу қажет», - делінген департамент хабарламасында.