Шардара ауданы, Жаушықұм ауылына қарасты тамшылатып суғару әдісімен 370 гектар күнбағыс өсіріп жатқан «ИІРЖАРАГРО»ЖШС шаруақожалығы жиын-терімді бастады.
«ИІРЖАРАГРО» ЖШС шаруақожалығы Түркиялық инвесторлармен бірге, 500 гектар егістік алқабын игеріп отыр. Биыл 370 гектарына күнбағыс егіп, оны тамшылатып суғару әдісімен өсірген.Бұдан бөлек,шаруақожалық басшылығы 100 гектардан астам аумаққа картоп егуді жоспарлап отыр. Онда 11 адамды тұрақты жұмыспен қамтыса,жұмыс ауқымына байланысты 20-30 адамға қосымша жұмыс жасатып отыр. Мұнда 23 ауылшаруашылығы техникасы жұмыс істейді. Олар күнбағыс өнімін ҚХР, Түркия,Әзірбайжан елдері мен ішкі нарыққа өткізуді жоспарлап отыр.
«Алдағы уақытта мемлекеттің қолдауы аясында шаруақожалықты дамытып,зауыт ашуға да ниеттіміз. Бұл тамшылатып сурару дүниежүзі бойынша су тапшылығының алдын алатын және өнімділікті көбейтетін әдіс деп білемін.»- дейді шаруақожалық өкілі Оразалы Шыршықбаев.
Келесі мақала