Басты жаңалықтар
Түркістан облысында із-түзсіз жоғалған қыз туралы тың дерек шықты
- автор kyn.kz
- 2 қараша, 2024
- 643
Түркістан облысы Жетісай ауданында полиция жоғалған 15 жастағы қызды Шымкенттен тапты.
Түркістан облыстық ПД мәліметінше, Жетісай ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, 15 жастағы немересінің жоғалғаны туралы хабарлаған. Әжесінің сөзінше, жасөспірім қыз кешкі уақытта құрбысына барамын деп үйден шығып, қайта оралмаған. Туыстары өз бетінше іздегенімен нәтиже бермей, полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды.
Тәулік бойы атқарылған іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер кәмелетке толмаған жасөспірімді Шымкент қаласынан тапқан. Жоғалған қыз туыстарына аман-есен қайтарылды.