Мәдениет
«Өз әкесі шығармаған сахнаға Raim алып шықты»: Ерке Есмаханның күйеуі көпшіліктің қошеметіне бөленді
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2024
- 179
Желі қолданушылары әншінің нағыз ер азаматқа тән қасиетіне тамсанды
Әнші Raim Алматыдағы кешінде әйелі Ерке Есмаханның бірінші некесінен туған ұлы Мүслімді сахнаға алып шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Біздің үлкен ұл Мүслім. Қошемет көрсетіңіздер», - деп таныстырды ол көпшілікке.
Мүсілім – Ерке Есмахан мен тележүргізуші Асхат Садырбай екеуінің ортақ ұлы.
Әншінің бұл әрекетіне көрермен қошемет көрсетті. Сондай-ақ, желі қолданушылары оны нағыз ер азамат атады. Олар неше түрлі пікір жазып, Раймға тек жақсылық тіледі.
«Өзгенің баласы түгіл өз баласын да бақпай жүргендер бар», «Өз әкесі шығармаған сахнаға Раим алып шықты» деген секілді пікірлер де кездеседі.
Еске салсақ, Раим мен Мүслім бұған дейін де бірге ән шырқаған болатын.