«-8 грдаусқа дейін аяз»: Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2024
- 148
Синоптиктер 5, 6 және 7 қараша күндері Қазақстанда ауа райының қандай болатыны жөнінде болжам жасады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі: жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Сонымен қатар көктайғақ, боран, екпінді жел, тұман болжануда.
5 қарашада батыста, 6-сы солтүстікте, 7 қарашада шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын күтіледі. Тек солтүстік, солтүстік-батыс өңірлерде 5 қараша күні жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
«Шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста мерзімнің соңына қарай ауа температурасының төмендеуі күтіледі: түнде 3 градус аяздан 5 градус жылылыққа дейін, таулы аймақтарда 8 градус аязға дейін, күндіз 0-ден 7 градусқа дейін жылылық, таулы аймақтарда 2 градус аязға дейін», – делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
“Тұман, көктайғақ болады”: 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 1 желтоқсан, 2024