Жұмыс істейтін зейнеткерлерді зейнетақыдан айыру: Асхат Аймағамбетов Еңбек минстрлігінің ұсынысын сынға алды
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2024
- 116
Депутат Асхат Аймағамбетов Еңбек министрлігінің жұмыс істейтін зейнеткерлерді мемлекеттік зейнетақыдан айыру туралы ұсынысын сынға алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол зейнеткерлердің көпшілігі өз қалауы бойынша емес, қажеттіліктен жұмысқа шығуға мәжүр екенін түсіндірді.
«Адамдар ең аз қарсылық білдіретін жерде үнемдеу жолдарын іздейтін сияқты. Алдымен онкологиялық науқастарды емдеуді қаржыландыруды қысқарту туралы ұсыныстар болды, содан кейін хоспистер мен ауыр науқастарды қолдауға, ал қазір жұмыс істейтін зейнеткерлерге қатысты ұсыныстар пайда болды. Зейнеткерлердің көпшілігі өз қалауы бойынша емес, қажеттілік бойынша жұмысын жалғастыруда, өйткені олардың табысы негізгі қажеттіліктерге жетпейді. Бюджетті үнемдеу қажет, бірақ білім беру, денсаулық сақтау, зейнетақылар, жәрдемақылар және азаматтардың жалақыларына қол сұғуға болмайды» - деп жазды Асхат Аймағанбетов желідегі парақшасында.
Еңбек министрі Светлана Жақыпова жұмыс істейтін зейнеткерлерді зейнетақыдан айыру ұсынысы әлі талқыланып жатқанын айтты.