Мәдениет
Айжұлдыз Адайбековаға сүйіктісі сарқыраманың жанында үйленуге ұсыныс жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2024
- 224
Жұпты өнердегі достары мен таныстары құттықтауда
Әнші Жанар Айжанованың қызы, актриса әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбековаға сүйіктісі Сәкен Қағаров үйленуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Экстрим-блогер ұсынысты Исландиядағы сарқыраманың жанында жасаған. Ерекше сәттің суретін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.
«Ол «иә» деп жауап берді», - деді жазбаның астында Сәкен Қағаров.
Әдемі жұпты желіде әншілер Мадина Сәдуақасова, Аша Матай, Yenlik, Наzима, Мөлдір Әуелбекова, Индира Еділбаева, актерлер Санжар Мәди, Әсел Сағатова, Дина Тасболатова мен Гүлназ Жоланова, интервьюер Айсәуле Бақытбек пен жүргізуші Анна Данченко құттықтаған.