«Ешқандай кінәсі жоқ»: Хасан Қасымбаевтың анасы мен әйелі президентке үндеу тастады
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2024
- 606
Талғардағы ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі делінген Хасан Қасымбаевтың ұсталғаны ресми расталғаннан кейін оның туған-туыстары Қонаев қаласына Алматы облыстық полиция департаментінің алдына жиылды. Олар Қасымбаев жазықсыз қамауда отыр деп есептейді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz.
«Менің баламның ісін әділетті шешіп беруіңізді сұраймын! Өз қарамағыңызға алып, анықтасаңыз екен. Баламды жазықсыздан жазықсыз қаралап отыр. Ешқандай кінәсі жоқ. Департаментке сол үшін келіп отырмын. Сол кісілерден жауап күтемін», – дейді Хасан Қасымбаевтың анасы Гүлнар Нұракенова президентке жүгінген кезінде.
Ал оның әйелі Зүлфия Қасымбаева күйеуін тергеуге алғандарға былай деді:
«Ол білетін, танитын адамдармен барып, сөйлесіңіздер. Жұмыстарыңыз сол ғой!? Ол қандай адам екенін сұраңыздар. Ол туралы жаман сөздер жазбас бұрын біліп алыңыздар. Біздің отасқанымызға 15 жыл болды. Ол үш баланың әкесі. Балаларға қаншалықты психологиялық қысым жасалып жатқанын білсеңіздер ғой.
Оның ешқандай ОПГ-ға қатысы жоқ. Өз шаруашылығы бар. Малы бар. Үлкен бетон зауыты бар. “Біреу айтты да, қалғанының бәрі шулап кетті. Кімге керек бұл?» – дейді ол.