Алматыда сатып алуға болмайтын үйлердің тізімі жарияланды
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2024
- 1.2k
Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы пәтер алмауға кеңес берілетін тұрғын-үй кешендерінің жаңартылған тізімін жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Басқарма мәліметінше, тізімге 36 тұрғын үй кешені енген.
“Тізілім құрылысқа рұқсат беру құжаттарының толық пакеті жоқ, сондай-ақ жобадан ауытқулармен және басқа да бұзушылықтармен салынған бірқатар тұрғын үй кешендерімен (ТК) толықтырылды. Айта кету керек, тізімге құрылысы әлі басталмаған рұқсат құжаттары жоқ нысандар кірді. Басқарманың ақпаратына сәйкес, осындай ТК бойынша ұсыныстар интернет-ресурстардың мониторингі нәтижесінде анықталады” делінген хабарламада.
Басқармадағылар азаматтрады жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының WhatsApp +7 705 896 60 00 анықтамалық арнасы бойынша ТК құжаттарының толық пакетінің бар екеніне көз жеткізіп алуға кеңес береді.


Қазақстанда зейнетке ерте шығуға рұқсат берілуі мүмкін
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда педагогтердің құқығын бұзғандарға жаза күшейтілмек
- авторТомирис Тоныкөк
- 26 желтоқсан, 2025
Қазақстанда соңғы айларда дәрі-дәрмек арзандаған
- авторТомирис Тоныкөк
- 26 желтоқсан, 2025




