ТЖМ-нің жоғары лауазымды шенеуніктері 40 миллион теңге пара алғаны үшін сотталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2024
- 519
Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы сотталды. Олар бизнес өкілінен кәсіпкерлік қызметіне қамқорлық жасағаны үшін пара алған, деп хабарлайды, KYN.KZ ақпарат агенттігі Антикор-ға сілтеме жасап.
Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Н. Дербисов пен Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы М. Жақсыбаев 5 жылға, Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Б. Ізбасаров 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Олар бизнес өкілінен кәсіпкерлік қызметіне қамқорлық жасағаны үшін жалпы сомасы 39,7 млн теңге сомасында пара алған. Сондай-ақ Б. Ізбасаров 1,7 млн теңге сомасында өзіне қосымша ақшаны заңсыз есептеп билікті асыра пайдаланғаны үшін сотталды. Сондай-ақ аталған адамдар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.