Қоғам
Алматылықтарға жер сілкінісі туралы SMS хабарлама не себепті келмегені белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 қараша, 2024
- 880
Бүгінгі жер сілкінісі қала аумағында 3 балл болды
Бүгін 5 қараша жер сілкінісі кезінде ескерту жүйесі неге жұмыс істемегенін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар департаменті хабарлама жер сілкінісі 5,5 балдан жоғары болған кезде жіберілетінін айтты.
"Хабардар ету жүйелері (mass alert) сілкініс қарқыны 5,5 балл және одан жоғары болған кезде автомат түрде іске қосылады. Бүгінгі жер сілкінісі қала аумағында 3 балл болды" , – делінген хабарламада.