«Мен сендерге үлгімін»: Ерке Есмахан қыз-келіншектерге ақыл айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 қараша, 2024
- 4.1k
Белгілі әнші Ерке Есмахан жеке өміріне қатысты сырымен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Айтуынша, көпшілік күйеуі екеуінің жас айырмашылығын сөз етпейтін болған.
“Кеше ерінбей концерт туралы жазылып жатқан пікірлерді шолып шықтым. Концертті жақсы өтті деп жазып қана қоймай, жаңа деңгей деп те бағалап жатыр екен. Жолдасым үшін риза болдым. Еңбегі ақталды. Мақсаты орындалды. Бірақ байқағаным ол емес. Байқағаным, біздің жұбымыз бен отбасымызды жақсы көретін адамдардың көбейгені. Бұрынғыдай қабылдай алмау, шеңберден шықпау деген түсінік жоқ. Еркектің сөзіне, жасына емес, жасаған ісіне мән беруді түсініпті. Ал әйелдің әдемілігі ұштасса, бәрі керемет болатынын жазыпты. Бұрынғыдай жаман пікір мен хейт жоқтың қасы. Бақыт тілеп, сүйсініп, бата беріп жатқандар көп. Дегенмен арасында өз өмірлеріне өкпелі жандар да табылады. Ауыр-ауыр сөздер жазып, жеңіл мазақ жазатындар да жоқ емес. Жанашырларымыз бір жаман пікірге бізді жақтаған 10 жауап қайтарыпты. Соны оқып, гүл-гүл жайнап отырмын”, – деді әнші.
Сондай-ақ, ол өзінің кқп нәрсеге бірден жете қоймағанын айтты.
“Жандарым, мына жалған өмірге келеміз де кетеміз. Болмайтын дүниеге уақыт құртпаңыздар! Фокус тек өзіңізде болсын. Ештеңеден қорықпай өздеріңіз махаббат, бақыт, тыныштық үшін күресіңіздер! Қиындау болып жатса, мені естеріңізге алыңыздар! Мен де бәріне бірдей қол жеткізген жоқпын. Мен сендерге үлгімін. Құшақтадым”, – деп жазды өнер иесі.