Мәдениет
«Қолдан нан жабуға, етті сүрлеп асуға үйретемін»: Гүлзира Айдарбекова келіндеріне қоятын талабын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 7 қараша, 2024
- 163
Ертең өз келіндері де осылай күтетін шығар?!
Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова келіндеріне қандай талап қоятынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол келіндерін өзін алыс жолдан ет асып, нан пісіріп күтіп алуға үйретіп қойыпты.
“Нұрекең үйді әбден сағынады-ау. Ерте бастан келіп алдық. Жолға шығатын болсақ, көз ілмейтін әдетіміз. Қанша жерден түрлі тағам жеп жатсақ та, өз үйіңнің дәмі бөлек қой?! Аңсап келесің. Келіндерді қолдан нан жабуға, етті сүрлеп, иісін бұрқыратып асып қоюларына о бастан үйретіп тастаймын. Ертең өз келіндері де осылай күтетін шығар?! Қай жаққа кетсем де, осы сәтті сағынамын. Отбасымен ыстық ұямызда жиналып, қалған бар талқылауды ақылдасамыз”, – деп жазды продюсер.
Келесі мақала