Мәдениет
“Басымнан талай қиын кезең өтті”: Ерке Есмахан психологқа барғанын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 7 қараша, 2024
- 683
Бұл жерде басты сөз – «дұрыс психолог»
Белгілі әнші Ерке Есмахан психологқа жүгінген кездері болғанын айтып, желі қолданушыларына кеңес берді, деп хабарлайды
Айтуынша, қандай да бір мәселе Айнұр туындаса Тұрсынбаеваға хабарласатынын жеткізді.
«Қазіргі заманда барлығы адамның өз қолында, миында, білімінде дегенге көз жеткізіп жүрміз. Қарап тұрсақ, кеше ғана не істерін білмей жүрген кей адамдар дұрыс психолог маманның қолына түсіп, сабағын оқып, дамып, миллионер боп кетіп жатыр. Бұл жерде басты сөз – «дұрыс психолог». Менің де басымнан сіздер білетіні бар, білмейтіні бар, талай қиын кезең өтті. Сол кезде бірінші боп кеңес сұрап хабарласатын адамым – Айнұр. Миымды бірден орнына қойып, жол сілтейді», – деді Ерке Есмахан Instagram желісіндегі сторисінде.