«Бәрі де Қайраттың еңбегімен келген дүние»: Гүлзира Айдарбекова пәтерсіз қалған Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 қараша, 2024
- 548
Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова, ұлы Қайрат Нұртастың қымбат көлік сатып алғанына қатысты пікір қалдырған оқырманын ұрсып тастады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қайрат Нұртас жаңа көлік алып, оны өзінің желідегі парақшасында жариялаған болатын. Алайда оқырмандардың арасынан әйеліне үй әперуге кеңес бергендер де табылды. Бұл әншінің анасы Гүлзира Айдарбековаға ұнамай қалған.
Ол келіні Жұлдыз Әбдікәрімованың бұл мәселені өзінің шешуі тиіс екенін алға тратты.
“Үйін де алып беретін өзі, бағатын да өзі. Алып берілген үй алаяққа кетсе, Жұлдыз да қарап отырған жоқ. Жас емес, ретін іздеп, қайтарып алуға тырысып жатыр. Оған сенің тұмсығың қисаймасын. Ол да өз қатесін жөндеп көрсін. Бәрі де Қайраттың еңбегімен келген дүние. Сен алып бермейсің ғой, түбі реттейтін де сол бір Қайрат. Көрсін соңына дейін барып, болмаса қарап қалмас”, – деп жауап берді продюсер.
Ұқсас жаңалықтар
«Бөтенге ақша шығарыңыз!»: Баян Мақсатқызы көпшілікке үндеу жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024