«308 рет жол ережесін бұзған»: 35 жастағы ақтөбелік жүргізуші 11 млн теңге айыппұл арқалады
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 қараша, 2024
- 104
Ақтөбелік тұрғын екі ай ішінде 308 рет жол ережесін бұзды. Ол шетелдік нөмірлі көлікпен жүріп, жылдамдықты асырған. Сөйтіп 11,5 млн теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.
Ақтөбеде «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Полиция қызметкерлері екі айдың ішінде жол ережесін 308 рет бұзған, жылдамдықты асырған жас жігітті ұстады. Шетелдік нөмірі бар ВАЗ-2114 автокөлігін басқарған 35 жастағы қала тұрғынының әрекеті «Қорғау» жүйесі арқылы анықталды. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушіні ұстап, көлік тұраққа қойылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 11 млн 573 мың теңгені құрады.
«Жүргізушілер өздерінің және айналасындағылардың қауіпсіздігі туралы ойлануы керек. Шетелдік нөмірі бар кейбір көлік жүргізушілері жазадан құтылып кетемін деп үміттенеді. Бірақ олай емес. Біз мұндай заң бұзушыларды анықтап, оларды жауапқа тартамыз», - деп атап өтті Ақтөбе қаласы полиция басқармасының бастығы Әсет Қалиев.
Ұқсас жаңалықтар
«Моншаға кіргізіп алып ұрады»: Алматы қаласында сарбаз жындыханаға жатқызылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 желтоқсан, 2024
Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 желтоқсан, 2024