Мөлдір Әуелбекова: Ажырасып барғанымда әкем мені үйіне кіргізбей қойды
- автор kyn.kz
- 12 қараша, 2024
- 683
Әнші Мөлдір Әуелбекова журналист Дина Төлепбергенге өз құпиясын ашты. Ол ел алдында абыройлы болып жүргенімен бірінші некеде күйеуінен талай қиындықты көргенін айтады, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Бірінші некемде түсініспеушіліктер болды. Бірде Алматыға жұмыс сапармен келдім. Ата-анам Алматыда, біз Астанада тұратын кез. Сол аралықта баламның әкесімен арадағы жанжал үдеп кетті. Үйдегілерге «Мен күйеуімнен кетемін, осы жерде қаламын» дедім. Әкем рұқсат бермеді. «Бұл жерде қала алмайсың» деп үйге кіргізбей қойды.
Алайда отбасыма қайтып барған күннің өзінде жағдай мен жанжал үдей түсті. Әкемнің даналығын күйеуімнің туыстары түсінбеді. «Жексұрын болып, өзі қайтып келді. Қайтып келген қыз жаман» деп мені кінәлады. Соңында бәрі ажырасуға келіп тірелді. Мен өзім кетіп қалсам, әкем үйге кіргізбейтінін білдім. Жанжал болғанда кете алмайтынымды білдім. Бірақ бәріне шыдап, соңында өзі мені тастап кетті. Өзі тастап кеткен соң, әке-шешем қабылдайды ғой. Құшағын жайып қабылдады," - деді Мөлдір Әуелбекова.